04.11.2025 09:53

Виктор Дьокереш қатардан шықты

04.11.2025 09:53

«Арсенал» шабуылшысы Виктор Дьокереш жарақат алды

Швед ойыншысы «Бернлимен» ойында (2:0) бұлшық етін зақымдап алыпты.

Бас бапкер Микель Артетаның айтуынша, осыған байланысты Чемпиондар лигасындағы «Славияға» қарсы ойынға қатыспайды.

Енді Виктор алдағы күндері медициналық тексерістен өтеді екен. Нәтижесінде жарақатының қаншалықты ауыр екені белгілі болады.

Чемпиондар лигасының 4-туры аясындағы «Славия» – «Арсенал» кездесуі бүгін, 4 қарашада өтеді. 22:45-те басталатын матчты Qazsport телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram