04.11.2025 09:10

Кевин де Брюйнеге ота жасалды

04.11.2025 09:10

Бельгия құрамасы мен «Наполи» жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйнеге ота жасалды

Бұл туралы 34 жастағы ойыншы өзі хабарлап, сәтті өткенін растады.

Осыған дейін Кевин «Интерге» (3:1) қарсы ойында бұлшық етін жарақаттап алып, бірнеше айға қатардан шыққан еді.

Айта кетейік, Де Брюйне «Наполи» қатарына биыл жазда еркін агент ретінде қосылды. Осы аралықта 11 ойында төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram