04.11.2025 09:04

Иштван Ковач бекітілді

04.11.2025 09:04

Иштван Ковач «Реал Мадрид» пен «Ливерпуль» кездесуінде төрелік етеді

УЕФА Чемпиондар лигасында «Реал Мадрид» пен «Ливерпуль» арасындағы матчта румынияның маманы Иштван Ковач бас төреші болып тағайындалды. Ковачқа матч барысында оның отандастары Михай Марица мен Ференц Тунёги көмектеседі. VAR жүйесіне жауапты неміс маманы Бастиан Данкерт, ал оған көмекші ретінде Швейцария өкілі Федай Сан тағайындалған.

Өткен маусымда Иштван Ковач «Реал Мадридтің» Чемпиондар лигасындағы екі ойынынында төрелік еткен. Екеуі де «Сантьяго Бернабеуде» өтіп, «Реал» жеңіске жеткен. Қазан айындағы матчта «Реал» «Боруссияны» 5:2 есебімен ұтса, кезекті кездесуде «Манчестер Ситиді» 3:1 есебімен тізе бүктірген.

Ал «Ливерпуль» румынияның бас қазысымен өткен ойындарда сәтсіздікке ұшырап жүр. Ковач ағылшын клубының Чемпиондар лигасындағы екі матчына төрелік еткен. Алғашқысы 2022/23 маусымында «Реалға» қарсы (2:5), екіншісі өткен маусымда «ПСЖ»-ға қарсы (0:1) болған. Осылайша, «қызылдар» Ковач басқарған кездесулерде жеңістің тәтті дәмін татпаған.

Айта кетейік, Иштван Ковач алдыңғы маусымда өткен Чемпиондар лигасының финалын да басқарған. Ол ойында ПСЖ «Интерді» 5:0 есебімен тас-талқан еткен еді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram