03.11.2025 23:17

Ориоль Ромеу англиялық клубқа ауысады

03.11.2025 23:17

«Барселонаның» бұрынғы тұтқауылы Ориоль Ромеу «Саутгемптонге» оралады

Фабрицио Романоның мәліметінше, 34 жастағы жартылай қорғаушы Англияның клубына еркін агент ретінде ауысады. Қос тарап маусым соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды. Сондай-ақ тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылады екен.

Ромеу бүгін не ертең медициналық тексерістен өтеді. Содан кейін трансфер ресми хабарланатын болады.

Ориоль Ромеу бұған дейін «Саутгемптонде» 2015-2022 жылдары ойнаған еді. Осы аралықта 256 матчта сегіз гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, 13 турдан кейін небәрі 12 ұпай жинаған «әулиелер» чемпионшипте 21-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram