03.11.2025 21:47

Ямаль Мбаппенің рекордын жаңартты

03.11.2025 21:47

«Барселона» вингері Ламин Ямаль FIFPRO нұсқасы бойынша 2025 жылдың символикалық құрамасына енді

Осылайша 18 жастағы испаниялық ойыншы 11 үздіктің қатарына кірген ең жас ойыншы атанды.

Бұған дейінгі рекордты Килиан Мбаппе 2018 жылы 19 жасында тіркеген еді.

Айта кетейік, Ямаль осы маусымда тоғыз ойында төрт гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram