03.11.2025 19:53

Джошуа Зиркзее Италияға оралуы мүмкін

03.11.2025 19:53

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Джошуа Зиркзее мансабын Италия А Сериясында жалғастыруы мүмкін

Sky Sports мәліметінше, 24 жастағы футболшыға «Рома» қызығушылық танытып отыр. Қазір қос тарап арасында келіссөз жүріп жатыр екен. «Джаллоросси» Нидерланд құрамасының ойыншысын жалға алуы мүмкін.

Осы маусымда бар-жоғы 90 минутқа алаңға шыққан Зиркзеенің өзі клуб ауыстыруға дайын.

Еске салсақ, Джошуа Зиркзее «Манчестер Юнайтедке» 2024 жылдың шілдесінде «Болоньядан» ауысып келген еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram