03.11.2025 17:59
Джаррад Брэнтвейтке екі алпауыт ұжым көз тікті
03.11.2025 17:59
«Манчестер Юнайтед» пен «Тоттенхэм» Брэнтвейтке қызығушылық танытты

Ағылшын Премьер-лигасында алдағы трансферлік терезе қызу тартыспен басталуы мүмкін. CaughtOffside дерегінше, «Манчестер Юнайтед» пен «Тоттенхэм» клубтары «Эвертонның» орталық қорғаушысы Джаррад Брэнтвейтке көз тігіп отыр.
23 жастағы ойыншы соңғы маусымдарда тұрақты ойыны мен сенімді қорғанысы арқылы Англия құрамасына да шақырту алған еді. «Эвертон» болса қорғаушысын шамамен 70 миллион фунт стерлингке бағалап отыр.
Егер келісім жүзеге асса, Брэнтвейт Премьер-лигадағы ең қымбат ағылшын қорғаушыларының біріне айналмақ.