03.11.2025 17:16
«Реалдың» басты ойыншысы қатардан шықты
03.11.2025 17:16
«Реал» жартылай қорғаушысы Франко Мастантуоно жарақат алды

18 жастағы ойыншы шап тұсын зақымдап алыпты. Осыған байланысты бүгінгі жаттығуға шықпады.
Аргентиналық футболшы ертең, 4 қараша Чемпиондар лигасы аясында өтетін «Ливерпульге» қарсы ойынға қатыспауы мүмкін. Нақты қашан оралатыны әзірге белгісіз болып тұр.
Бұл Франконың мансабындағы үшінші жарақаты болды. Осыған дейін 18 күні емделуге кетіп, салдарынан үш матчтан тыс қалған.
Ал осы маусымда 12 кездесуде бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.