03.11.2025 16:31

«Интер» – «Қайрат» матчының төрешілері белгілі болды

03.11.2025 16:31

Чемпиондар лигасының 4-туры аясында «Қайрат» сырт алаңда «Интермен» кездеседі

Бұл матчта Португалиядан келген төрешілер тобы жұмыс істейді.

Атап айтсақ бас төреші қызметін Луиш Годиньо атқарады. Оған қос қапталдан Руй Тейшейра мен Педру Алмейда көмектеседі. Ал VAR жүйесіне Андре Нарсишу және Тьягу Мартинш жауапты болады.

Миландағы Джузеппе Меацца атындағы стадионда өтетін кездесу 5 қараша күні сағат 01:00-ге жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram