03.11.2025 16:07
Дембеле маңызды ойынға қатыспауы мүмкін
03.11.2025 16:07
Дембеле жарақатына байланысты «Баварияға» қарсы матчты өткізіп алуы мүмкін

ПСЖ шабуылшысы Усман Дембеле қайтадан жарақат мәселесіне тап болды. Футболшы жамбас тұсындағы ауырсынуға байланысты ем қабылдауда.
Бұған дейін Дембеле дәл осы жарақаттың кесірінен шамамен 1,5 ай алаңнан тыс қалған еді. Дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстап отыр. Алайда ол Чемпиондар лигасындағы «Баварияға» қарсы маңызды кездесуді өткізіп алуы мүмкін.
ПСЖ командасының бас бапкері әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.