03.11.2025 15:15
«Ман Юнайтед» ойыншысы ат басын Италияға бұруы мүмкін
03.11.2025 15:15
«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Кобби Майну мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін

Daily Mirror хабарлауынша, 20 жастағы ойыншыны «Наполи» қыста жалға алғысы келеді. Неапольдің клубы англиялық футболшыға аптасына 40 мың еуро төлеуге дайын екен.
Коббидің өзі де команда ауыстыруға кетәрі емес. Ол 2026 жылғы Әлем чемпионатына Англия құрамасымен бару үшін өзін көрсеткісі келеді.
Майну осы маусымда сегіз ойынға қатысып, бірде-бір нәтижелі әрекет жасай алмады.