03.11.2025 14:38
Ришарлисон MLS-ке ауысуы мүмкін
03.11.2025 14:38
«Тоттенхэм» шабуылшысы Ришарлисон алдағы қыста клуб ауыстыруы мүмкін

Экрем Конурдың мәліметінше, 28 жастағы ойыншыға «Орландо Сити» мен «Эвертон» қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ Сауд Арабиясының бірқатар клубынан да ұсыныс түсіпті.
Бразилиялық футболшының өзі мансабын басқа командада жалғастыруға дайын екен.
Ришарлисон осы маусымда 16 матчта үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді.