03.11.2025 12:26

Месси: Әлем чемпионатында ойнағым келеді

03.11.2025 12:26

Аргентина құрамасы мен «Интер Майамидің» 38 жастағы шабуылшысы Лионель Месси 2026 жылғы Әлем чемпионатында ойнағысы келетінін айтты

— «Әлем чемпионатында ойнағым келеді. Алайда ол үшін бабымда болуым қажет. Егер мундиальға баратын болсам, барымды салып командама көмектесуге тырысамын,– деді Месси.

Еске салсақ, Қатардағы соңғы Әлем чемпионатында Аргентина финалда Францияны пенальти сериясы арқылы жеңіп, топ жарған еді.

Ал 2026 жылғы дода 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram