03.11.2025 11:05

«Лос-Анджелес» келесі кезеңде

03.11.2025 11:05

«Лос-Анджелес» ширек финалға жолдама алды

«Лос-Анджелес» командасы 1/8 финалда «Остиннен» айласын асырып, МЛС ширек финалына шықты. Қарымта матчта қонақтар 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Денис Буанга дубль авторы атанса, Сон Хын Мин мен Джереми Эбобисс те бір-бір голдан соқты. «Остин» сапынан Даниэль Перейра ғана көзге түсті.

Алғашқы ойында «Лос-Анджелес» өз алаңында 2:1 есебімен жеңген еді. Осылайша, екі ойын қорытындысы бойынша Сон бастаған жігіттер келесі кезеңге жолдама алды.

Ширек финалда «Лос-Анджелес» «Ванкуверге» қарсы күш сынасады.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram