03.11.2025 09:47
Стефано Пиоли қызметінен қуылуы мүмкін
03.11.2025 09:47
Стефано Пиоли «Фиорентина» бас бапкері лауазымынан айырылуы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, «күлгіндер» 60 жастағы маманды қызметінен қуудың алдында тұр.
Пиоли «Фиорентинаны» өткен жазда тізгіндеген еді. Осы аралықта команда төрт рет жеңіске жетіп, төрт мәрте тең түсіп, алты матчта қарсыласына есе жіберді.
Ал Италия біріншілігінде 10 турдан кейін бірде-бір жеңіске жете алмай, екі ұпаймен 19-орында келеді.