03.11.2025 08:29

Фоден рекорд жаңартты

03.11.2025 08:29

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Фил Фоден рекорд жаңартты

25 жастағы ағылшын футболшысы «Борнмутқа» (3:1) қарсы ойында 90 минут ойнап, бір нәтижелі пас берді.

Осылайша АПЛ-де 200 матч өткізген «қалалықтардың» (25 жас 158 күн) ең жас ойыншысы атанды.

Бұған дейінгі рекорд Рахим Стерлингке (26 жас 284 күн) тиесілі болған еді.

Фоден бұл 200 матчта 62 гол соғып, 29 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram