02.11.2025 23:47

Ферран Торрес «Барселонадағы» 50-голын соқты

02.11.2025 23:47

Ла Лиганың 11-туры аясында «Барселона» өз алаңында «Эльчені» 2:1 есебімен жеңіп жатыр

Матч есебін 9-минутта Ламин Ямаль ашса, екі минуттан кейін Ферран Торрес еселеді. Ал қонақтардың сапында 42-минутта Рафаэль Мир дараланды.

Осылайша Торрес өзінің «Барселонадағы» 50-голын соқты. 25 жастағы испаниялық шабуылшы мерейлі межені 170-матчында бағындырды. Сондай-ақ «блауграна» сапында 21 нәтижелі пас берген.

Еске салсақ, Торрес «Барселонаға» 2022 жылы «Манчестер Ситиден» келіп қосылған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram