02.11.2025 23:16
«Манчестер Сити» жеңіске жетті
02.11.2025 23:16
Ағылшын Премьер-лигасының 10-турында «Манчестер Сити» өз алаңында «Борнмутты» тізе бүктірді

«Этихад» стадионында өткен кездесуде 3:1 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Эрлинг Холанд дубль жасаса, Нико О'Райли бір мәрте мергендік танытты. Ал «Борнмуттың» жалғыз голын Тайлер Адамс соқты.
Осылайша 19-ұпайын еншілеген «қалалықтар» турнир кестесінде екінші орынға көтерілді
Пеп Гвардиола шәкірттері келесі турда 9 қараша «Ливерпульді» қабылдайды. Ал одан төрт күн бұрын Чемпиондар лигасында Дортмундтың «Боруссиясымен» күш сынасады.