02.11.2025 18:51
«Интер» «Қайратпен» матч қарсаңында жеңіске жетті
02.11.2025 18:51
Италия А Сериясының 10-турында «Интер» сырт алаңда «Веронадан» басым түсті

Веронада өткен кездесуде 1:2 есебі тіркелді. 16-минутта Петр Зельински есеп ашты. Араға 34 минут салып, Джиоване таразы басын теңестірді. Алайда 90+4-минута алаң иелерінің қорғаушысы Мартин Фрезе өз қақпасына гол соғып алды.
Осылайша 21-ұпайын еншілеген Миланның клубы турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.
Кристиан Киву шәкірттері келесі турда 9 қараша күні «Лациомен» кездеседі. Ал одан төрт күн бұрын Чемпиондар лигасында «Қайратты» қабылдайды.