02.11.2025 17:09

Де Росси бапкерлікке оралуы мүмкін

02.11.2025 17:09

Кеше, 1 қараша күні «Дженоа» Патрик Виейраны бас бапкер қызметінен босатқан еді

La Gazetta dello Sport мәліметінше, Виейраның орнын басуға Даниэле де Росси басты үміткер болып тұр. Сондай-ақ кандидаттар қатарында Раффаэле Палладино, Лука Готти және Паоло Ваноли бар екен.

Генуяның клубын бас бапкер тағайындалғанша Роберто Мургита мен Доменико Кришито уақытша тізгіндейді. Тоғыз ойында бар-жоғы үш ұпай жинаған «россоблу» Италия чемпионатында соңғы 20-орында келеді.

Айта кетейік, Даниэле де Росси 2024 жылы «Ромадағы» қызметінен кеткеннен кейін әлі бапкерлікке оралмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram