01.11.2025 15:20

Патрик Виейра қызметінен қуылды

01.11.2025 15:20

Патрик Виейра «Дженоа» бас бапкері лауазымынан айырылды

«Россоблу» 49 жастағы француз маманын мезгілінен бұрын қызметінен босатты.

Патрик Генуяның ұжымын былтыр қараша айында тізгіндеген еді. Осы аралықта команда 10 рет жеңіске жетіп, 12 мәрте тең түсіп, 15 матчта қарсыласына есе жіберді.

Тоғыз ойыннан кейін бар-жоғы үш ұпай жинаған «Дженоа» Италия А Сериясында соңғы 20-орында тұр.

Айта кетейік, Виейра футболшы ретіндегі мансабында «Милан», «Арсенал», «Ювентус», «Интер», «Манчестер Сити» және «Канн» клубтарында ойнаған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram