01.11.2025 13:55

Нуно Мендеш күтпеген шешімге келді

01.11.2025 13:55

Нуну Мендешдің көңілі толмайтын секілді

ПСЖ клубының қорғаушысы Нуну Мендеш жақын уақытта командадан кетуі мүмкін. Бұл туралы белгілі журналист Фабрис Хокинс хабарлады. Дереккөздің мәліметінше, қос тарап келісімшартты ұзарту жөніндегі келіссөздер барысында ортақ келісімге келе алмай жатыр.

Мендеш клуб басшылығы өз еңбегін бағаламай отыр деп есептейді. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ, дегенмен Нуну Мендештің Парижден кету мүмкіндігі барған сайын артып келеді.

Футболшының қазіргі келісімшарты 2026 жылға дейін жарамды.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram