01.11.2025 12:29
Кантеге Францияның клубы қызығушылық танытты
01.11.2025 12:29
Канте Еуропаға оралуы мүмкін

Францияның «Paris FC» клубы тәжірибелі жартылай қорғаушы Кантеге қызығушылық танытып отыр. Алайда келісімнің жүзеге асуына ойыншының қазіргі клубымен келісімшарты кедіргі болуда. Қазіргі таңда Канте Сауд Арабиясының «Аль-Иттихад» клубымен 2026 жылға дейін келісімшарт жасасқан. Сондықтан клуб ойыншымен тікелей келіссөз жүргізу үшін алдымен «Аль-Иттихад» клубынан рұқсат алуы қажет.
Мамандардың пікірінше, егер қос тарап ортақ шешімге келсе, Канте үшін Еуропаға оралу мүмкіндігі ашылады. Дегенмен, әзірге ресми келіссөздердің басталғаны туралы ақпарат жоқ.