01.11.2025 10:41

«Милан» төрт шабуылшыға көз тікті

01.11.2025 10:41

«Милан» клубы шабуылшы Сантьяго Хименестің ойынына көңілі толмай, оның орнына футболшы іздеуге кірісті

La Gazetta dello Sport мәліметінше, «россонерри» Джонатан Буркардт («Айнтрахт»), Джошуа Зиркзее («Манчестер Юнайтед»), Артём Довбик («Рома») және Хоакин Паничеллиге («Страсбург») көз тігіп отыр.

Енді аталғандардың арасынан біреуіне тоқталып, ұсыныс жасайды екен.

Айта кетейік, тоғыз турдан кейін 18 ұпай жинаған «Милан» Италия біріншілігінде төртінші орында келеді. Массимилиано Аллегри шәкірттері ертең, 2 қарашада «Ромамен» шеберлік байқасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram