01.11.2025 10:07
Аарон Рэмзи клубсыз қалды
01.11.2025 10:07
Аарон Рэмзи «Пумастан» кетті

Қос тарап арадағы келісімшартты өзара келісім бойынша бұзды.
34 жастағы Уэльс футболшысы Мексика клубының сапына шілде айында қосылған еді. Осы аралықта бар-жоғы алты матчқа қатысып, бір гол соқты.
Рэмзи мансабында одан бөлек «Арсенал», «Ювентус», «Ноттингем Форест», «Рейнджерс» және «Ницца» сияқты белгілі командаларда ойнаған.