31.10.2025 21:31
Қазақстанда Еурокубок финалы өтуі мүмкін
31.10.2025 21:31
Елімізде Конференция лигасының финалы өтуі мүмкін

Қазақстан турнирдің 2028 және 2029 жылғы ақтық матчын өткізу туралы өтінім берді. Финалды Алматыдағы «Орталық» стадион немесе Елордадағы «Астана Арена» қабылдауы мүмкін.
Ол үшін дауыс беруде «Пушкаш Арена», «Альянц Стэдиум», «Гданьск Арена», «Стад Пьер-Моруа» және «Олимпиадалық стадионды» (Хельсинки) жеңіп шығуымыз керек екен.
2026 жылғы Конференция лигасы финалының қайда өтетіні қыркүйек айында белгілі болады.