31.10.2025 19:15
Жас талант алпауыт командалардың көзіне түсті
31.10.2025 19:15
«Манчестер Сити» мен «Барселона» Камерун шабуылшысына көз тікті

«Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», «Барселона» және «Реал Мадрид» жас талантқа қызығушылық танытып отыр. Камерун құрамасы мен испанияның «Леванте» командасында доп тебетін 22 жастағы шабуылшы Карл Этта Эйонгқа жаңа келісімшарт ұсынылды.
Бастапқыда ойыншының болашағы қыста, яғни 2026 жылғы қаңтар айында анықталады деп болжанған еді. Алайда соңғы мәліметтерге сүйенсек, Этта Эйонгтың жаңа клубқа ауысуы 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін жүзеге асуы мүмкін.
Жас футболшы осы маусымда 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.