31.10.2025 18:42

Модрич 40 жасында А Сериясының үздігі атанды

31.10.2025 18:42

«Милан» жартылай қорғаушысы Лука Модрич А Сериясының қыркүйектегі үздік ойыншысы атанды

Италия футболшылар қауымдастығы арасында өткен дауыс беруде 40 жастағы ойыншы топ жарды.

Лука қыркүйек айында ішкі біріншілікте үш матч өткізіп, бір гол соққан еді. Сондай-ақ осы маусымда допқа жанасу (748) мен пас беру (559) бойынша көш бастап тұр.

Модрич «Милан» сапына өткен жазда «Реалдан» еркін агент ретінде ауысып келді. Осы аралықта «россонерри» намысын 10 матчта қорғап, бір гол мен екі ассисттің авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram