31.10.2025 17:45
Юрген Клопп қайта оралуы мүмкін
31.10.2025 17:45
Юрген Клопп «Ливерпульге» қайта оралуы мүмкін екенін растады

Клопп өз мансабының ерекше кезеңін қайта жалғастыруы мүмкін екенін жасырмады. Ол 2015 жылдан 2024 жылға дейін «Ливерпульді» жаттықтырып, клубқа тарихи жетістіктер сыйлаған еді.
«Мен бұрын енді Ағылшын премьер-лигасында жұмыс істемеймін деп айтқанмын. Бірақ бұл ережеде бір ғана ерекшелік бар. Ол – «Ливерпуль». Сондықтан теория жүзінде менің қайта оралуым мүмкін», — деді Клопп.
Бапкер «қызылдармен» бірге Чемпиондар лигасын (2019) және Ағылшын премьер-лигасын (2020) жеңіп алған болатын.