31.10.2025 16:45
«Камп Ноу» Чемпиондар лигасының финалын өткізуі мүмкін
31.10.2025 16:45
Чемпиондар лигасының 2028 жылы өтетін финалын «Альянц Арена» қабылдауы бек мүмкін. Өйткені өтінім жіберген жалғыз стадион болды.
Ал 2029 жылғы финалды өткізу құқығына «Камп Ноу» мен «Уэмбли» таласпақ.
Бұл екі финал бойынша нақты шешім 2026 жылы қыркүйек айында қабылданады.
Естеріңізге сала кетсек, 2026 жылдың финалы «Пушкаш Аренада», ал 2027 жылы «Метрополитанода» болады.