31.10.2025 15:30

«Барселона» «Камп Ноуға» 7 қарашада оралады

31.10.2025 15:30

«Барселонаның» төл стадионы «Камп Ноу» есігін айқара ашады

Каталония клубы 7 қараша күні су жаңа аренада көпшілік алдында ашық жаттығу өткізетінін хабарлады. Осылайша жаңа стадионды бір сынап көрмек.

Салтанатты шарада кешен 23 000 адамды ғана қабылдай алады екен. Қалған трибуналар әлі де жарамсыз.

Бұған дейін қала билігі «Барселонаға» 1А лицензиясын берген еді. Бұған сәйкес, стадион 27 000 жанкүйерді құшағына сыйдыра алады. Ал клуб 47 000 адамға арналған рұқсатты алғаннан кейін ғана өз алаңына оралмақ.

Айта кетейік, «Камп Ноудың» құрылысы 2023 жылдың маусым айында басталған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram