02.10.2025 14:37

«Барселона» келесі матчын да «Камп Ноуда» өткізбейді

02.10.2025 14:37

«Барселона» Чемпиондар лигасының 3-туры аясындағы «Олимпиакосқа» қарсы ойынды Луис Компанис атындағы стадионда өткізетінін хабарлады.

Бұл матч 21 қазанға жоспарланған. Ал «Камп Ноуды» ашуға әлі рұқсат ала алмады.

Өткен аптада қала билігі стадионның құрылысына байланысты ескерту жасаған еді. Қазір клуб сол олқылықтардың орнын толтыруға тырысып жатыр.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram