02.10.2025 13:30
«Ливерпуль» қорғаушысына ота жасалды
02.10.2025 13:30
«Ливерпуль» ойыншысы Джованни Леониге ота жасалды

Бұл туралы ол әлеуметтік желісінде мәлімдеп, сәтті өткенін хабарлады.
Арне Слоттың айтуынша, 18 жастағы қорғаушы шамамен бір жыл уақыт бойы алаңға шыға алмайды.
Италиялық футболшы осыған дейін тізесіндегі айқыш байламын үзіп алған еді.
Айта кетейік, Мерсисайд клубы Леониді өткен жазда «Пармадан» 31 миллион еуроға сатып алды.