26.09.2025 14:27

«Ливерпуль» қорғаушысы бір жылға қатардан шықты

26.09.2025 14:27

Джованни Леони «Ливерпульдегі» дебют ойынында ауыр жарақат алды

Италиялық қорғаушы Лига кубогы аясындағы «Саутгемптонге» (2:1) қарсы матчта тізесіндегі айқыш байламдарын үзіп алған еді.

Алғашында дәрігерлер Леониді алты айға қатардан шықты деп топшылаған. Алайда бас бапкер Арне Слоттың айтуынша, 18 жастағы қорғаушы кемі бір жыл алаңға шыға алмайды.

Айта кетейік, Мерсисайдтың клубы Леониді өткен жазда «Пармадан» 31 миллион еуроға сатып алған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram