24.09.2025 22:37
Кьеза Чемпиондар лигасында ойнайтын болды
24.09.2025 22:37
Федерико Кьеза «Ливерпульдің» Чемпиондар лигасына қатысатын ойыншылар тізіміне қосылады

Фабрицио Романоның мәліметінше, 27 жастағы италиялық вингер ауыр жарақат алған отандасы Джованни Леонидің орнына шақырту алады екен.
Леони осыған дейін тізесіндегі айқыш байламын үзіп алып, алты айға жуық уақытқа қатардан шыққан еді.
Кьеза мерсисайд клубының намысын 2024 жылдың тамыз айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 19 матч өткізіп, үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.