02.10.2025 12:03
Томас Мюллер «Ванкувер» сапында алғашқы трофейін жеңді
02.10.2025 12:03
Томас Мюллер «Ванкувер Уайткепс» сапында Канада чемпионшипінде топ жарды

Турнирдің финалында «Ванкувер Уайткепс» «Ванкуверді» 4:2 есебімен жеңді.
Ақтық кездесуде 36 жастағы Мюллер пенальтиден бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Осылайша неміс футболшысы мансабындағы 35-трофейіне қол жеткізді. Сондай-ақ карьерасында соққан голдар санын 300-ге жеткізді.
Айта кетейік, Томас Мюллер канадалық клубқа өткен жазда «Бавариядан» еркін агент ретінде ауысып келген болатын.