31.10.2025 14:57

Роналдудың ұлы Португалия құрамасында дебют жасады

31.10.2025 14:57

Криштиану Роналдудың ұлы Португалия U16 құрамасында дебют жасады

Криштиану Жуниор Антальяда өткен Федерация кубогы аясындағы Түркиямен (2:0) ойында төбе көрсетті.

Осыған дейін 15 жастағы «Әл-Наср» вингері U15 құрамасында төрт матч өткізіп, екі гол соққан еді.

Айта кетейік, Португалия турнирдегі келесі матчтарын Уэльс (1 қараша) және Англияға (3 қараша) қарсы өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram