21.10.2025 08:37

Роналдудың ұлы ұлттық құрамаға шақырту алды

21.10.2025 08:37

Криштиану Роналдудың ұлы тұңғыш рет Португалия U16 құрамасына шақырту алды

15 жастағы «Әл-Наср» жасөспірімдер клубының шабуылшысы алда өтетін Федерация кубогында ел намысын қорғамақ.

Португалия Антальяда жалауы желбірейтін турнирде Түркия, Англия және Уэльс командаларымен сынға түседі.

Осыған дейін бес ай бұрын кіші-Роналду U15 құрамасында дебют жасаған еді. Хорватияда өткен халықаралық жарыста ол Жапонияға қарсы 36 минут ойнап, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram