08.10.2025 14:27
Криштиану Роналду тағы бір рекорд орнатты
08.10.2025 14:27
Bloomberg хабарлауынша, Криштиану Роналду тарихтағы алғашқы миллиардер футболшы атанды.
40 жастағы шабуылшының қазіргі қаржылық әлеуеті 1,4 млрд долларға бағаланды.
Роналдудың 2002-2023 жылдар аралығындағы табысы 550 млн долларды құраған. Ал «Әл-Насрдағы» жаңа келісімшарт бойынша 400 млн доллардан жоғары алады.
Одан бөлек танымал брендтермен келісімшарты, жеке бизнестері және көліктерінің бағасына дейін есептеліпті.