08.10.2025 09:58

Роналду беделді марапатқа ие болды

08.10.2025 09:58

Криштиану Роналду «Globe prestige» марапатына ие болды

Бұл жүлде 40 жастағы шабуылшыға Португалия футолына сіңірген ерең еңбегі үшін Portugal Football Globes 2025 кешінде табысталды.

Роналду – бес дүркін «Алтын доп» һәм төрт дүркін «Алтын Бутса» иегері, бес дүркін Чемпиондар лигасының жеңімпазы, Еуропа чемпионы. Англия, Испания және Италия біріншіліктерінде жалпы жеті рет топ жарған.

Криштиану 2023 жылдың қаңтар айынан бері «Әл-Наср» намысын қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 111 матч өткізіп, 98 гол мен 20 нәтижелі пастың авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram