20.09.2025 13:03
Роналду АПЛ жұлдызын «Әл-Насрға» шақырды
20.09.2025 13:03
«Манчестер Юнайтед» ойыншысы Каземиро мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін
Mundo Deportivo мәліметінше, Роналду бразилиялық жартылай қорғаушыға «Әл-Насрда» бірге ойнағысы келетінін айтқан екен.
Каземироның манкуниандықтармен келісімшарт мерзімі келер жазда аяқталады. Сондықтан еркін агент ретінде клуб ауыстыруы бек мүмкін.
Айта кетейік, Роналду мен Каземиро 2013-2018 жылдар аралығында «Реал» намысын бірге қорғаған еді.