01.11.2025 09:46
«Ливерпуль» Салахтың ізбасарсын іздеуде
01.11.2025 09:46
Салахпен қош айтысуы мүмкін

«Ливерпуль» жазғы трансфер кезеңінде өз шабуыл шебін күшейтуді жоспарлап отыр. Клуб басшылығы команда көшбасшысы Салахпен келісімшартты ұзартпауы мүмкін.
Клуб «Брайтон» клубының жас вингері Янкуба Минтеге қызығушылық танытып отыр. 20 жастағы футболшы қазіргі таңда Еуропадағы ең үміт күттіретін жас ойыншылардың бірі саналады.
Алайда «Брайтон» өз талантын оңайлықпен жібергісі келмейді. Клуб Минтенің трансфері бойынша қомақты қаржы сұрауы мүмкін.
«Ливерпуль» ойыншыны маусымның соңына дейін бақылауда ұстап, жазғы трансферде нақты қадам жасауы ықтимал.