01.11.2025 15:01

Эрлинг Холанд оралды

01.11.2025 15:01

«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд қатарға оралды

Бас бапкер Пеп Гвардиоланың айтуынша, норвегиялық форвард «Борнмутқа» қарсы ойынға қатысады.

Осыған дейін 25 жастағы футболшы аяғын көгертіп алып, салдарынан Лига кубогындағы «Суонсимен» ойында алаңға шықпаған еді.

Айта кетейік, Ағылшын Премьер-лигасының 10-туры аясында өтетін «Манчестер Сити» – «Борнмут» кездесуі ертең, 2 қарашаға жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram