30.10.2025 21:56
Холанд алдағы матчқа қатыспауы мүмкін
30.10.2025 21:56
«Манчестер Сити» бас бапкері Пеп Гвардиола шәкірті Эрлинг Холанд жайында сөз қозғады

— «Холанд алдағы ойынға қатыса ма? Нақтысын айта алмаймын. Көре жатармыз. Ол жай ғана аяғын көгертіп алған. Болғаны осы. Уайымдайтын ештеңе жоқ»,– деді испаниялық маман.
Холандқа кеше Лига кубогы аясындағы «Суонсимен» (3:1) ойында демалыс берілген еді.
Ал «Манчестер Сити» келесі матчын 2 қараша күні Ағылшын Премьер-лигасында «Борнмутқа» қарсы өткізеді.