10.10.2025 15:14

Холанд – АПЛ-дың қыркүйектегі үздік ойыншысы

10.10.2025 15:14

Эрлинг Холанд Ағылшын Премьер-лигасының қыркүйектегі үздік ойыншысы атанды

«Манчестер Сити» шабуылшысы өткен айда үш матчта бес гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

25 жастағы норвегиялық ойыншы дауыс беру нәтижесінде Даичи Камада («Кристал Пэлас»), Янкуба Минте («Брайтон»), Робин Руфс, Гранит Джака (екеуі де – «Сандерленд») және Мартин Субимендиді («Арсенал») шаң қаптырды.

Осылайша Эрлинг мансабында төртінші рет аталған жүлдені жеңіп алды. Бұған дейін 2022, 2024 жылдың тамызында және 2023 жылдың сәуірінде үздік деп танылған.

Холанд осы маусымда жалпы тоғыз матч өткізіп, 12 гол мен бір ассисттің авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram