11.10.2025 19:12
Холанд «Реалға» ауысуы мүмкін
11.10.2025 19:12
Эрлинг Холанд «Манчестер Ситиден» «Реалға» ауысуы мүмкін

Caught Offside мәліметінше, Винисиус Жуниорға Саудияның бір клубы 250 миллион еуро ұсынбақ екен.
Ал «бланкос» бұл ұсынысты қабылдап, түскен қаржыны Холандтың трансферіне жұмсауға ниетті. Тіпті норвегиялық шабуылшының өкілдерімен де байланыс орнатып үлгеріпті.
Холанд осы маусымда тоғыз матчта 12 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.