01.11.2025 13:48
Мбемо «Манчестер Юнайтедтің» үздік ойыншысы атанды
01.11.2025 13:48
Брайан Мбемо «Манчестер Юнайтедтің» қазан айындағы үздік ойыншысы атанды

Камерун вингері өткен айда үш ойында үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Сондай-ақ үміткерлер қатарында қақпашы Алтай Байындыр, қорғаушы Маттейс де Лигт және шабуылшы Матеус Кунья болған еді.
Осылайша осы маусымда бұл жүлде Брайанға екінші рет бұйырды. Бұған дейін ол марапатты тамызда жеңіп алған. Ал қыркүйекте Бруну Фернандеш үздік деп танылды.
Айта кетейік, Мбемо манкуниандықтардың сапына өткен жазда «Брентфордтан» келіп қосылған еді. Осы аралықта 10 ойында бес гол мен бір ассисттің авторы атанды.