02.11.2025 17:47

«Вулверхэмптон» бас бапкерсіз қалды

02.11.2025 17:47

«Вулверхэмптон» бас бапкер Витор Перрейраны қызметінен босатты

Осыған дейін бір жарым ай бұрын ғана Перрейра клубпен 2028 жылға дейін жарамды жаңа құжатқа қол қойған еді. Алайда, «Вулвз» келісімшартты мерзімінен бұрын бұзды. Енді команданың тізгінін уақытша Джеймс Коллинз бен Ричард Уокер ұстайды.

57 жастағы маман «қасқырларды» 2024 жылдың желтоқсан айынан бері жаттықтырып келді. Содан бері команда 14 рет жеңіске жетіп, бес мәрте тең түсіп, 19 матчта қарсыласына жол берді.

Осымен Ағылшын Премьер-лигасының 2025/26 жылғы маусымында төртінші бапкер қызметінен қуылды. Бұған дейін Нуну Эшпириту Санту, Эндж Постекоглу (екеуі де – «Ноттингем Форест») және Грэм Поттер («Вест Хэм») жұмыссыз қалған еді.

10 турдан кейін бар-жоғы екі ұпай жинаған «Вулверхэмптон» ішкі біріншілікте соңғы 20-орында тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram