02.11.2025 16:43
Алан Ширер мінсіз команданы атады
02.11.2025 16:43
Англия құрамасы мен «Ньюкаслдың» бұрынғы шабуылшысы Алан Ширер биылғы «Арсеналдың» ойынына қатысты пікір білдірді

— «Арсеналдың» осал тұсы жоқ. Артетаның шәкірттері мінсіз ойын өрнегін көрсетіп жүр. Олар стандартан гол соғуды меңгеріп алған. Әр бұрыштамасы қауіпті. Юрриен Тимбер мен Риккардо Калафьориді шабуылда әдемі пайдаланады. Қос қорғаушы стандарт кезінде командасына біршама басымдық береді»,– деді Ширер.
Айта кетейік, 10 ойыннан кейін 25 ұпай жинаған «зеңбірекшілер» Ағылшын Премьер-лигасында жеке-дара көш бастап тұр.