02.11.2025 15:27
Эндрикке талас қыза түсті
02.11.2025 15:27
«Астон Вилла» Эндрикке көз тікті

«Астон Вилла» жас шабуылшыға қызығушылық танытып отыр. AS басылымының мәліметінше, ойыншыны қыста жалға алғысы келеді. Ал қазіргі таңда басты үміткерлердің бірі — Францияның «Лионы».
Алайда Daily Star дерегіне сүйенсек, Унай Эмери жаттықтыратын «Астон Вилла» да бұл тартыста бағын сынап көрмек. Англияның клубы жас дарынға сенім артып, оны қысқы трансфер кезеңінде өз қатарына қосуға ниетті.
Эндрик кеше «Валенсияға» қарсы (4:0) алғаш рет алаңға шыққан болатын.